Қз Ру


OCQ бренді туралы: Бейнелеу өнері арқылы Туған жерге деген сүйіспеншілікті білдіру

Адамдар өзінің ерекшелігін және туған тамырларымен байланысын көрсетуге ұмтылатын заманауи әлемде, OCQ бренді көрнекті визуалдар арқылы Туған жерге деген сүйіспеншілікті көрсетуге бірегей мүмкіндік ұсынады. OCQ - бұл жай ғана бренд емес, бұл жарқын және маңызды визуалдар арқылы Туған жерге деген терең сүйіспеншілікті білдіретін философия. Біздің міндетіміз (миссиямыз) – туған жерге деген мақтаныш пен сүйіспеншілікті тудыратын өнім жасау.

 

Философия және құндылықтар: 

OCQ - бұл жай ғана мерч сату емес. Біз вижуалдарымыздың Туған жерге деген махаббат пен мақтаныштың символына айналуына ұмтыламыз. Біздің мақсатымыз - вижуалдар арқылы туған жерге және оның мәдениетіне деген терең сүйіспеншілігімізді білдіру. Біз әр адамның осы өнімді пайдалана отырып, осы махаббат пен мақтанышты сезінуін қалаймыз.

Біздің философиямыз Туған жерге деген махаббат, сүйіспеншілік және жағымды көзқарас құндылықтарында негізделген. Біз, көрнекі өнер, сөзбен айтып жеткізу қиын эмоциялар мен идеяларды терең сезіндіре алатынына сенімдіміз. Сондықтан біздің вижуалдарымыз -  біз қолданатын нысандардың өздерінен де маңызды негізгі рөл атқарады.

 

OCQ топтамалары

OCQ жергілікті мәдениет пен табиғаттың әртүрлі аспектілерін көрсететін бірнеше топтамалар ұсынады.

OC.Qazaqstan - Бұл топтамаға «OC Qazaqstan», «OC Almaty» және еліміздің басқа да қалалары жазылған баспалар кіреді. Басты назарда, әрқайсысының бірегей жүрегі мен жаны бар қалалар. Топтама адамдарға ерекше байланысы бар нақты жерлерге деген сүйіспеншілігін білдіруге мүмкіндік береді.

Qyzyl.K - Бұл топтаманың визуалдары Қазақстанның қызыл кітаптабындағы жануарларына арналған. Бұл жануарлардың салмақты және аздап ашуланған жүзі оларды қорғау мен сақтаудың маңыздылығын еске салады. Бұл топтама арқылы біз экологиялық проблемаларға назар аударуға және адамдарды табиғат мен оның тұрғындарын қорғауға шабыттандырамыз.

Totem.J - Қазақстан аумағында мекендейтін тотемдік жануарларға арналған топтама. Әрбір баспа бейнеленген жануарға байланысты қазақ мақал - мәтелдерімен толықтырылады. Бұл тотемдік вижуалдар арқылы адамдар өз қасиеттернің көрініс бейнелеп, мықты эмоциналды байланыс жасауға мүмкіндік береді.

OIU - ұлттық мәдени мұраның маңызды бөлігі болып табылатын қазақ ою - өрнектеріне арналған топтама. Ою-өрнектері бар визуалдар дәстүрлі қазақ мотивтерін кеңінен танытып, оларды заманауи әрі кең аудиторияға қолжетімді етеді.

 

OCQ болашағы

Біз қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, жаңа визуалдар мен өнімдердің топтамаларын жарыққа шығару арқылы болашақта онлайн-сервистерді іске қосуды, іс-шаралар ұйымдастыруды және жергілікті мәдениетті дәріптеуге және адамдардың туған жерімен байланысын нығайтуға бағытталған басқа да бастамаларды мақсатқа айналдырып, дамуды жалғастыру жоспарымызда.